Алматы қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы алаңында AMANAT партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен келісілген митинг басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасына қолдау білдіру.
Ғылым академиясы ғимаратының маңына шағын сахна қойылып, алаңға 3 мыңнан астам адам жиналған. Транспараттар ұстаған жастардың қарасы көп.
Митингте мінберге шығып сөз сөйлегендердің қатарында AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Мәжілістің, қалалық мәслихаттың депутаттары және партия белсенділері бар.
«Біздің бағытымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Президент аса маңызды реформалар қабылдады, нақты тапсырмалар берілді. Түбегейлі өзгерістер бір күнде жүзеге аспайды. Ендігі кезекте ел болып, қоғам болып бірлесе жұмыс істеуіміз қажет», - деді Асхат Оралов.
Митинг жалғасып жатыр.