ҚР СІМ РФ азаматтарының елімізге кіру тәртібін түсіндірді

ru.egemen.kz
ru.egemen.kz
Мемлекетте ұлттық мүддені қорғаудың тетіктері жеткілікті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР СІМ РФ азаматтарының елімізге кіру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы әрдайым сенімнің жоғары деңгейімен және сындарлы тәсілдерімен ерекшеленді. Қазіргі жағдайда ҚР Мемлекеттік органдары еліміздің қолданыстағы заңнамасын және халықаралық шарттарды басшылыққа алып отыр. Министрлік өкілдері Ресей Федерациясының елге келетін азаматтары санының өсуіне байланысты кейбір қазақстандықтардың алаңдаушылығына орай төмендегі мәселелерді түсіндірді.

«Шетел азаматтарының ҚР-на кіру және болу тәртібі бар, оларды бақылауды ҚР ҰҚК Шекара қызметі және тиісінше ҚР ІІМ жүзеге асырады. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр және жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз етіп отыр. Бұл ретте, кез келген елдің шетелдік азаматтарының ҚР аумағында мерзімсіз болуға құқығы жоқ, олар еліміздің көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауы қажет. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды және біздің іс-әрекеттеріміз осы қағидаттардан туындауы тиіс екенін атап өтеміз. Сондықтан, қолданыстағы шарттар сақталуы тиіс және ықтимал құқық бұзушылықтарды әкімшілік тәртіппен тоқтату керек», – делінген хабарламада.

Сондай ақ «мемлекетте ұлттық мүддені қорғаудың тетіктері жеткілікті, бұл орайда, ұлттық мүдде бәрінен де жоғары» деп атап өткен ведомство өкілдері кез келген күрделі геосаяси жағдайда ұлттық қауіпсіздікті негізге алатынын айтты.

«Әлемде орын алған құбылмалы ахуал біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін сынақ болып отыр. Сонымен бірге, халқымызға тән адамгершілік қасиеттер белгілі бір моральдық ережелерді сақтауды талап етеді. Азаматтарымыз өзіндік даналығын көрсетіп, қонақжайлылық дәстүріне берік болады деп сенеміз. Қазақстан – егеменді және тәуелсіз мемлекет, қуатты әрі ұйымшыл ел. Мемлекет басшысы кез келген жағдайда халық бірлігінің маңызды екенін үнемі айтуда. Қазіргі қиын кезеңде кез келген өткір мәлімдеме немесе әрекет жағымсыз әсер тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Бүгінгі таңда Қазақстанның инфрақұрылымы көші-қонның қазіргі жағдайынан салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз өтуге мүмкіндік береді. Қызмет көрсету және сервис объектілері де өз қуаттары аясында жұмыс істейді.

Біз ағымдағы ахуалға мұқият мониторинг жүргізіп отырмыз және елеулі бір қатерлер туындаған кезде халықаралық құқық пен ұлттық заңнаманы ескере отырып, тиісті шаралар қабылданатын болады. Біз мемлекеттік органдардың ресми және объективті ақпаратына сену маңызды деп санаймыз, бұл қажетсіз алаңдаушылықтың алдын алуға көмектеседі», – делінген хабарламада.

Новости партнеров