|
18.09.2023 | 15:18
576

Президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесті

Кездесуде макроэкономикалық болжамдар мен әлемдік қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды

Президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесті Ақорда

Президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесті. Кездесу барысында америкалық қаржы холдингінің еліміздегі қызмет аясын кеңейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Еліміздегі бірден-бір америкалық банк саналатын Citibank Kazakhstan – халықаралық инвесторлар, мемлекеттік сектор және ірі кәсіпорындар үшін жетекші серіктестердің бірі.

Мемлекет басшысы жуырда жариялаған Қазақстан халқына Жолдауы аясында Үкіметке осы саладағы бәсекелестікті арттыру үшін елімізге үш сенімді шетелдік банкті тарту міндетін жүктегенін атап өтті.

Осы ретте Президент Астана халықаралық қаржы орталығының жаһандық инвесторлармен байланысын қамтамасыз ету және қаржы секторының цифрлық трансформациясын дамытуға атсалысу ісіндегі Citigroup компаниясының маңызды рөлін оң бағалады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар жобаны қаржыландыруға ниет білдіріп отырған Citigroup холдингінің алдағы жоспарын қолдайтынын айтты.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында макроэкономикалық болжамдар мен әлемдік қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.

Кездесу аясында  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Citibank арасында Wabtec локомотивтерін сатып алу үшін қаржыландыруды ұйымдастырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир