Алматыда тіркеуден өткен саяси партия өкілдеріне арналған брифинг-семинар өтеді

evo.business
evo.business
Семинар-брифингте сайлау заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, саяси партиялардың сайлауға қатысуы және олардың құжаттар тапсыру тәртібі туралы мәселелер талқыланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2020 жылдың 10 қарашасында тіркеуден өткен саяси партия өкілдеріне арналған брифинг-семинар өтеді. Тақырыбы: «Саяси партиялардың сайлауға қатысуы: заңнаманы түсіндіру».

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 21 қазандағы № 439-шы Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Covid-19 пандемиясы жағдайында шығындарды оңтайландыру және әлеуметтік байланыстарды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының ОСК ҚР Парламенті Мәжілісі депуттарын және мәслихат депутаттарының сайлауын біріктіру туралы шешім қабылдады. Сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру мақсатында ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» ҚР заңына өзгерістер қабылданды.

Семинар-брифингте сайлау заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, саяси партиялардың сайлауға қатысуы және олардың құжаттар тапсыру тәртібі туралы мәселелер талқыланады.

Короновирустық инфекцияның таралу қаупі туындадағандықтан бұл іс-шара қашықтықтан өткізіледі. БАҚ өкілдері семинар-брифингке Zoom платформасы арқылы қатыса алады, оларға қосымша сілтеме беріледі. Ол үшін ұялы телефон нөміріңізді көрсетіңіз.

Семинар-брифингке БАҚ өкілдерін аккредиттеу 2020 жылдың 10 қарашасында сағат  13:00-ге дейін мына телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады: +77017559797

Zoom конференциясына кірмес бұрын сіз қатысушының аты-жөнін көрсетуіңіз керек. Конференцияға қосылу аккредиттеу тізіміне сәйкес жасалады.

Өтетін күні: 10.11.2020ж.

Басталуы: сағат 15.00.

Новости партнеров