Қосановтың Алматы облысындағы штабы қызу жұмысқа кірісті

Қосановтың Алматы облысындағы штабы қызу жұмысқа кірісті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ұлт тағдыры» қозғалысының атынан президенттік сайлауға түсіп отырған Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы халықты бағдарламамен таныстырып, жан-жақты талқылап жатыр. Алғашқы шара Талдықорғанның Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгін біз осында Алматы облысының «Ұлт тағдыры» қозғалысының атынан сайланған үміткер Әміржан Қосановтың бағдарламасын Талдықорған жұртшылығына және біздің белсенді өкілдерімізге, ақсақалдар алқасына, ардагерлерге және зиялы өкілдерге, студенттерге таныстырдық. Негізгі бағыт ұлттық құндылықтар болғандықтан, бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушыларды қызықтырды», – дейді Ә. Қосановтың Алматы облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі Жүкел ХАМАЙ.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылап, ойларын ортаға салды.

«Дөңгелек үстелге қатысып отырмыз. Бағдарламамен таныстық. Сайлауға дейін әлі уақыт бар. Ойлана жатармыз», – дейді шараға қатысушылардың бірі Нағашыбай ЕСЕН.

Тұрғындардың пікірінше, құжаттағы басты сұрақтар тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.

 Бұдан бөлек, саяси науқан аяқталғанша Алматы облысында тағы бірнеше шара өткізу жоспарланып отыр.

Новости партнеров