Осындай кезеңде Елбасының халықты елдікке, бірлікке шақырғаны орынды – саясаттанушы

Фото Nur Otan Trends
Фото Nur Otan Trends
Коронавирус жаһан жұртын әбігерге салғаны рас
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус жаһан жұртын әбігерге салғаны рас. Ал, елдегі карантин азаматтарға ыңғайсыздық туғызып жатқаны да белгілі. Жалпы, мұндай ауқымда шектеулер Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осындай кезеңде Елбасының халықты елдікке, бірлікке, сабырлық пен шыдамдылыққа шақырғаны орынды» дейді саясаттанушы Айдос Сарым. Арнамызға скайп арқылы сұхбат берген спикер, Елбасының мақаласындағы көтерілген мәселелердің маңызды екенін айтып, карантинді сақтасақ қана дәстүрлі өмірге тезірек оралатынымызды жеткізді.  

«Негізгі еңбек орындарын жасап отырған Алматы мен Астанадағы шағын және орта бизнес. Осылардың нысаны ақырындап қосыла бастаса, әрбір сала ақырындап іске қосылса, осылай экономика реттеле бастайды. Халықтың қалаға шығып, өзінің жұмысына баруының өзі де елдегі жағдайдың тұрақтала бастағанының нақты кепілі болмақ. Сондықтан басты мәселе тәртіпті сақтау, карантинді сақтау, осының негізінде жаңа аурулардың санын азайту, ауруға шалдыққан адамдарды емдеп шығу», – деді саясаттанушы Айдос САРЫМ. 

Сонымен қатар, GSB UIB Бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық та Елбасының мақаласына қатысты пікір білдірді. 

«Бүгінгі таңда резервтен қаржы бөліп отырғаны – елдігіміздің бар екендігін, егемендігіміздің бар екенін айғақтайды. Сондықтан да осы дағдарысқа қарсы  бөлініп отырған 10 млрд доллар теңге мен шаққанда 4,4 трлн теңге мұқтаж халықтың қолына жетсе екен. Және осы процеске жауапты шенділер сол қаражаттың дұрыс үйлестірілуіне  жағдай жасаса деген оймен аяқтағым келеді. Еліміз ауру-сырқаудан аман болса екен», – деді GSB UIB Бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат ХАЛЫҚ.

Новости партнеров