Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев қызметінен кетпейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін желілерде оның отставкаға кететіні туралы тараған ақпаратқа қатысты агенттік өкілдері пікір білдірді. Дәлірек айтсак, бұл туралы Telegram арнасында Ербол Еділов жариялаған.
«Кейбір ақпарат көздері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босату туралы өтініш берді. Зейнет жасына жетуіне байланысты отставкаға кету туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдайтын болады», – деп жазған автор.
Алайда агенттіктегілер бұл хабарламаның шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді. Айта кетейік, Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігін 2019 жылдың маусымынан бері басқарады. 4-шілдеде ол 63 жасқа толады.