Арман Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Әр жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, ҚР премьер-министрі Кеңсесінде, Президент Әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген.
2018 жылы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.