|
01.04.2019 | 16:32
2604

Әсет Мағауов ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Ал Б. Ақшолақов өтініші бойынша лауазымынан босатылды

Әсет Мағауов ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды  primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Мағауов ҚР Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Мағауов ҚР Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ал Б. Ақшолақов өтініші бойынша лауазымынан босатылды.

Әсет Маратұлы 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген.

И. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын бітірген, Халықаралық валюта қорында және Азия даму банкінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары «Теңізмұнайгаз» АҚ, «Қазақойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмыс істеген.

2008-2010 жылдары - ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;

2010-2011 жылдары - ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарған.


Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Қуат Қаһарманұлы Бораш Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир