Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға ұшып келді
sputniknews.kz
Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысуды жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға ұшып келді, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді», - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр екен.
Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Халықаралық ынтымақтастық және ашық дипломатия жөніндегі Ресей қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Орджоникидзені қабылдады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13