|
30.11.2020 | 17:27
5501

Оның өнері миллиондаған көрерменге ұнады – Президент Қарақат Башанованы 2-орын алуымен құттықтады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды

Оның өнері миллиондаған көрерменге ұнады – Президент Қарақат Башанованы 2-орын алуымен құттықтады nurmedia.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында 2-орын алуымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді. Оның өнері әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған көрерменге ұнады. Қарақатқа жаңа шығармашылық табыс тілеймін!» – делінген құттықтауда.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир