Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
inbusiness.kz
Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Almaty.tv.
Тараптар коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі күрделі ахуалды талқылап, жаһандық эпидемиологиялық ауыртпалықты еңсеру бағытында екі ел қабылдап жатқан шараларға өзара қолдау білдірді. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы мен күн тәртібіндегі өңірдің өзекті мәселелерін талқылап, әңгіме соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады. Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37