|
27.03.2019 | 17:51
2379

Дариға Назарбаева театр қызметкерлерін құттықтады

Бүгінгі таңда Қазақстанда 68 театр бар

Дариға Назарбаева театр қызметкерлерін құттықтады  пресс-служба парламента

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Халықаралық театр күніне орай театр қызметкерлеріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

«Еліміздің рухани келбетін жаңғыртуға бағытталған Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда театр өнерінің алатын орны ерекше. Сіздерге шығармашылық табыс, шалқар шабыт пен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!», - деп атап өтті Сенат Төрағасының құттықтауында.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 68 театр бар, оның 51-і мемлекеттік, 17-і жекеменшік болып табылады. «Астана Опера» және «Астана Балет» ұжымдары Қазақстан мәдениетіндегі алдыңғы саптағы өнер ордалары.

«Астана Опера» театрының әртістері өткен жылы Мариинский театрында, Оман Республикасындағы Корольдік Маскат опера театрында, итальялық Карло Феличе театрында сәтті өнер көрсеткен болатын. «Астана Балеттің» қойылымдарын Бельгия, Түркия, Ресейде тамашалады. Қазіргі кезде республикамыздағы мемлекеттік театрларда 7291 адам жұмыс істейді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир