|
30.04.2019 | 18:39
7126

Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек – саясаттанушы

Ал, саяси науқанның әділ өтуіне әр қазақстандық үлес қосуы керек

Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек – саясаттанушы

Биыл Қазақстанда өтетін Президент сайлауы бұрынғы сайлаулардан мүлдем басқа, орны бөлек. Осылай деген саясаттанушылар тіпті саяси процестің негізгі ерекшеліктерін де атап көрсетті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олардың алғашқысы – үміткерлер санының рекордтық көрсеткіші болса, екіншісі – алғаш рет әйел-үміткердің болуы. Екінші мәселеге келгенде, сарапшылар қоғамның гендерлік саясатқа деген көзқарасының өзгергенін айтуда. Ал, саяси науқанның әділ өтуіне әр қазақстандық үлес қосуы керек.

«Ендігі мәселе – сайлаудың әділ өтуі. Себебі, сол кезде біз Қазақстан ұлты мен қазақ ұлты екеуінің бір екенін дәлелдейміз және қоғамның болашақ сайлауға деген көзқарасын өзгертеміз. Егер қол жинау науқаны дұрыс өтсе, онда Қазақстанның тарихында тұңғыш рет сайлауға әйел адам түсейін деп отыр. Бұның өзі де қоғамның біршама жаңаруына, әйел затына деген көзқарастың өзгеруіне, болашақтағы қыз-келіншектердің саяси науқандарға араласып, белсенділік танытуына жол ашады», – дейді Қазақстан саяси зерттеу қауымдастығының вице-президенті Айдос САРЫМ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир