|
20.03.2019 | 19:27
12886

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді

Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елордаға Нұрсұлтан атын беру туралы ұсынысы қаралды

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді

Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елордаға Нұрсұлтан атын беру туралы ұсынысы қаралды, деп хабарлайды egemen.kz.

Жиын барысында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов баяндама жасап, шаһар есімін ауыстырудың қажеттігін атап өтті. Кезектен тыс сессияға қатысқан мәслихат депутаттары бір ауыздан қала атауының өзгертуін қолдап дауыс берді.

Еске сала кетейік, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир