Біржан Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Біржан Нұрымбетов - 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Луговой ауданы Абай атындағы ұжымшарда туған. Қазақ. Анасы - Тұяқбаева Тамара Әлімқызы, зейнеткер, ауылдық орта мектепте математика мұғалімі болған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің "Механика және қолданбалы математика" факультетін (1993) механик, математик-қолданбашы мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика академиясының "Қаржы" факультетін (2006) қаржы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. "Нұр Отан" ХДП мүшесі (2008 жылдан).
1993 жылдан - Жамбыл қаласы Салық инспекциясы салық инспекторы, ҚҚС бөлімінің бастығы, салық төлву шілермен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінім бастығы.
1996 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі.
1997 жылдың наурызынан - Жамбыл облысы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғау секторының меңгерушісі.
1997 жылдың тамызынан - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Жамбыл облыстық филиалының директоры;
2008 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің терағасы.
2009 жылдың наурызынан - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған.
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медальдарымен (2005) марапатталған. Әскери атағы - запастағы аға сержант.