Бүгін Президент Қазақстандағы өлім жазасының алынып тастауына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет басшысы Конституцияға өзгерістер енгізудің қажет емес екенін айтты. Өйткені елде мораторийдің арқасында өлім жазасы жоқ. Қатаң жазалау туралы бұл заң Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2003 жылы желтоқсанда қабылданып, 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген болатын.
«Жуырда ғана Қазақстанда өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын екінші факультативті хаттамаға қосылу жөнінде шешім қабылданды. Тек Конституцияда қарастырылған екі ғана болмашы ерекшелік бар. Олар факультативті хаттаманың талабына толық сай келеді. Сондықтан Ата Заңымызға ешқандай өзгеріс енгізу қажет емес», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт-Тоқаев.
Президент экономикалық шаралармен қатар қоғамды одан әрі демократияландыру ісін дамыту қажеттілігіне тоқтады. Бұл бағытта атқарылған істер де аз емес. Атап айтқанда, партиялардың қызметіне, бейбіт жиындар мен шерулерді өткізуге байланысты жаңа заңдар қабылданды.