Президент әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Фото Акорда
Фото Акорда
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Соған сәйкес, ел астанасы, барлық республикалық маңызы бар қалалар мен облыстарда тұратын запастағы әскери міндеттілер, қарулы күштер қатарына шақырылатын болады. Науқанды ұйымдастыру, оның ішінде арнаулы жиындарды өткізу мерзімдері мен  әскери қызметке тартылатындардың санын  айқындау, жергілікті атқарушы органдар мен қорғаныс істері бойынша департаменттерге жүктеліп отыр.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы »2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын.

2. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;

2) Осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген қаулыда.

Новости партнеров