Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сыртқы барлау қызметінің функциялары берілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сыртқы барлау қызметінің функциялары берілді
Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы барлау ведомствосына қатысты жарлыққа қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы барлау қызметін қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және арнаулы мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылсын», - делінген құжатта.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыртқы барлау қызметі құрылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыртқы барлау қызметі туралы ереженің жобасын президенттің қарауына ұсынуы тиіс.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Мемлекет басшысының жарлығынан «Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі» деген жол алынып тасталады.


Новости партнеров