Елорда уақытымен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 77% кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ақмола облысы – 83%
Ақтөбе облысы – 84,6%
Алматы облысы – 89%
Атырау облысы – 71,2%
Шығыс Қазақстан облысы – 84,5%
Жамбыл облысы – 81,3%
Батыс Қазақстан облысы – 66,2%
Қарағанды облысы – 77,1%
Қызылорда облысы – 77,6%
Қостанай облысы – 84%
Маңғыстау облысы – 68,3%
Павлодар облысы – 79,5%
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8%
Түркістан облысы – 84,8%
Нұр-Сұлтан қаласы – 68,3%
Алматы қаласы – 52,2%
Шымкент қаласы – 67,1%.
Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1% өз таңдауын жасады. 14:00-де дауыс берген азаматтар саны 51,8%-ға жетті. 16:00-тегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 65,9% бюллетень алды. Ал кешкі сағат 18:00-ге қарай қазақстандықтардың 72,9% дауыс берді.