|
04.10.2022 | 20:59
4004

Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек – зиялы қауым өкілдері

Елімізде кезектен тыс Президент сайлауының өтуіне 50 күнге жуық уақыт қалды

Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек – зиялы қауым өкілдері ашық дереккөзден

Елімізде кезектен тыс Президент сайлауының өтуіне 50 күнге жуық уақыт қалды. Ал президенттікке үміткер ретінде әзірге үш кандидат өткені белгілі. Бүгінде саяси науқанға қоғамның ерекше қызығушылық танытатыны байқалады. Ал зиялы қауым өкілдері бұл сайлаудың өзгелерден бөлек болатынына сенеді. Almaty.tv тілшісі зиялы қауым өкілдерінің пікірін біліп қайтты. 

«Бұл сайлаудың жөні бөлек. Сайлауды өз басым орынды деймін. Халқымды елімді шынайылықты, ашықтықты, әділеттілікті айтып жатқандықтан, біз де бәріміз осыған үн қосайық. Бір адамның қолынан ешнәрсе келмейді. Жалпы қоғам болып жетіспей жатқанымызды толықтырсақ», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман.

«Тағы да сайлаудың алдында тұрмыз. Бұл сайлаудан үлкен үміт күтемін. Демократиялық сайлауды күтемін. Оған түсетін альтернативалар да, анау-мынау емес лайықты адамдар болуға тиіс. Дұрыс өтетін сияқты шамалауымша», – деді жазушы, драматург Дулат Исабеков.

«Жұдырықтай болып жұмылатын кез келді», дейді қоғам қайраткерлері. Өйткені қазір әлемдегі геосаяси жағдай шатқаяқтап тұрғаны жасырын емес. Сондықтан сайлауға түсетін үміткерлер еліміздің сыртқы әрі ішкі саясатын білетін, елдің әл-ауқатын ойлайтын азамат болуы тиіс деген пікірде.

«Көптеген реформа іске асып жатыр. Ол өз дәрежесінде іске асу үшін әрине бірлік керек. Қазақта айтады «дау көп жерде, жау көп» дейді. Мына әлемде болып жатқан жағдай біздің елімізді бей-жай қалдыра қоймайды. Әрине, ол бәрімізге әсер етеді. Сондықтан да осы қазіргі аумалы-төкпелі заманда алауыздықтан алшақ болып, бірлігімізді, тірлігімізді білдіріп, қолдау көрсетіп, мына жаңалықтарды іске асыруға, тек қана тыңдап қана қоймай үлесімізді қосуымыз керек», – деді Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Миразова.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл қазіргі кезде Қазақстанның болашағы үшін, әділетті Қазақстан деп сайланғаннан бері осыны айтып келе жатыр және сол жолда келе жатыр. сондықтан Қазақстан болашағы үшін бізге осындай Президент керек. Президент болашағымызға жаңа жол туралы айтты. Жаңа команда керек», – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир