Мемлекет басшысы Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен оның отандастарын Сингапурдың ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент жеделхатта бұл мереке Сингапур халқы үшін ұлттық бірліктің, мемлекет дербестігінің және орнықты дамудың айшықты белгісі ретінде ерекше мәнге ие екенін атап өткен.

Сонымен қатар Қазақстан мен Сингапур арасындағы достыққа және өзара түсіністікке негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Сингапур халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жаңа оқу жылына 350 білім беру грантын бөлді