Президент Астанаға іссапармен келген Владимир Путинді қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды.

Мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды.

Бұдан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Ол сондай-ақ мемлекеттер басшыларына полотноны жазуға үлес қосуды ұсынды. Картина Ресей Президентіне сапар соңында сыйға тартылады.

Сондай-ақ Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды", - делінген хабарламада.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады

Новости партнеров