Атом электр стансасының пайдасы көп - кәсіподақтар орталығының мүшесі

Cгенерировано ИИ
Cгенерировано ИИ

Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының мүшелері бас қосты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Атом электр стансасының пайдасы көп». Осылай деп пікір білдірген Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының мүшелері бүгін бас қосып, Жолдауды талқылау үшін жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиырма бестен аса маман Мемлекет басшысының айтқан басым бағыттарына қатысты пікір білдірді. Олар кәсіптің өркендеуі, өндірістің тұралап қалмауы үшін электр энергиясының көп мөлшерде қажет екенін айтты. Мемлекетті тұрақты, қауіпсіз, экологиялық таза энергия көзімен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Орталық мүшелерінің айтуынша, станса салынбас бұрын, бөлінетін қаражат пен су мәселесін ұтымды шешу керек.

– Халықтың әл-ауқатын жақсартып, өнеркәсіпті өркендету үшін АЭС-тің маңызы зор. Ғалымдардың есептеуінше, 1 атомный реактор салу үшін 12 миллиард доллардай керек. Бұл – бір. Екінші мәселе – су. АЭС-ті Балқаш көлі жағасына салса, жақсы болар еді деп ойлаймыз, – деді «Алматы халықаралық әуежайы» жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Данияр Алтыбаев.

Сонымен қатар, ұйым төрағасы Жолдауда айтылған әуе хабтарын дамыту мәселесіне қатысты ой бөлісті. Қазақстан әуе кеңістігі арқылы жыл сайын тасымалданатын жүк көлемін 4 жылдың ішінде 300 мың тоннаға дейін жеткізу үшін күш салу қажет екенін және кіші авиацияны дамыту керек екенін  жеткізді. Ол елдің аумағы кең болғандықтан, аудан немесе ауылдарда кішігірім әуеайлағын жасауды ұсынды. Туристік әлеуетті арттады, тұрғындарға жедел жәрдем көмегіне жүгіну жеілдей түспек.  Сондай-ақ жиынға келгендер әскердегі тәртіп-тәрбиеге көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын дамыту, білім саласын жақсарту, ұстаздардың мәртебесін көтеріп, біліктілігін арттыру, жоғары оқу орындарына қабілетті жастарды қабылдау сынды мәселелерге қатысты пікір білдірді.

– Негізінен Жолдау елдегі қалыптасқан мәселелерді шешуге, стратегиялық міндеттерді орындауға көп септігін тигізеді. Мәселен АЭС тақырыбы жылдар бойы қоғам арасында қызу талқыланып келді. Осы тақырыпта 16 тамыз күні Алматыда жария талқылау да өтті. Қысқаша айтпағым, АЭС – энергетика саласында сенімділік сыйлайды, – деді Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығының төрайымы Зәуреш Өмірбаева.

Оқи отырыңыз: АЭС жұмысын қадағалап, қауіпсіздігіне жауап беретін мамандарды дайындау – басты міндет

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров