Саяси науқанды алдын ала айту – әділетті Қазақстан принципі – сарапшылар

Almaty.tv
Almaty.tv
Әділін айтар қазылардың мәртебесін теңестіруге көп көңіл бөлінбек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Саяси науқандар мен болатын өзгерістерді алдын ала айту, халыққа барынша ашық болу – бұл әділетті Қазақстан принципіне келеді». Бүгін Қазақ Ұлттық университетінде студенттермен бірге Президент Жолдауын тыңдаған алматылық саясаттанушылар саяси додоларды жоспарлау –   партиялар үшін тиімді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұрын әсіресе парламент сайлауы аяқасты кезектен тыс жарияланатын деген ғалымдардың айтуынша, енді өзге де партиялардың науқанға дайындалуына, жаңа күш жинап, бағдарламаларын таныстыруына мүмкіндік туады.  

«Үкімет құрылатын кезде басқа да саяси партиялар министрлік кабинетінде болады. Бұл өте жақсы. Себебі осыған дейін бізде бір партияның негізінде ғана министрлер кабинеті жасақталды. Мұның бір кемшілігі, жауапкершілігі бір партия алғаннан кейін басқа да саяси күштердің мүддесі ескерілмей қалады әрі жауапкершіліктен олар құтылады», – деді саясаттанушы Руслан Ақмағанбетов.  

Ал дұрыс қоғам орнату үшін алдымен заң мен тәртіпті түзеген абзал. Бұл ретте әділін айтар қазылардың мәртебесін теңестіруге көп көңіл бөлінбек. Адал әрі жемқорлықтан ада қазыларды жасақтау үшін Жоғарғы сот судьяларын да сайлау арқылы таңдайтын тәсіл енгізілмек.

«Мемлекетте қоғамдық келісім бар жерде қашан да мемлекетте тұрақтылық бар. Себебі судьялардың әділ болуы, яғни олар өзінен билігі жоғары адамдарға тәуелді болмауы, таза әділ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді», – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаев.

Новости партнеров