Семейде жасөспірім көпірден секірмек болды

elements.envato.com
elements.envato.com
Қазір баламен психологтар жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

3 наурызда 112 шұғыл байланыс желісіне көпірден секіргел тұрған 17 жастағы жасөспірімнен қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл оқиға қаланың барлық шұғыл қызметіін дүрліктірді. Қоңырау түскен сәтте полиция, азаматтық қорғаныс және жедел жәрдем қызметкерлеріне хабар берілді. 

"Құтқару қызметінің операторы баламен келіссөздер жүргізіп жатқанда, аталған жерге патрульдік полиция батальонының экипаж қызметкерлері Дамир Ахметқалиев пен Раймбек Есенғалиев келді. Үш минут ішінде полицейлер оқиға орнында жетті", деп хабарлайды полициядағылар.

Полицейлердің бірі - Райымбек ақырын жақындап келіп, көпірден төменге қарап жылап тұрған баланың қолынан шап беріп ұстап алды.

"Қалайсың? Не болды? Кеттік, кеттік, кеттік, бәрі жақсы болады. Сен мықты жігітсің", - деді полиция қызметкері баланы серіктесіне тапсырып жатып.

Осы уақытта жедел жәрдем қызметкерлері де оқиға орнына келіп жетті.

Қазір баламен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлап кетті

Новости партнеров