Қостанайда балабақша тәрбиешісі балаға қол көтерді (видео)

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Сәбиді жұлқылаған видео әлеуметтік желіде тарады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің баланы ұрып, жұлқыланы түсірілген видео тарап кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Қостанайдағы балабақшалардың бірінде болған, тәрбиеші жұмыстан босатылды. Видео Telegram желісіндегі чаттардың бірінде жарияланған. Сипаттамада оқиғаның балабақшада болғаны айтылған. Кадрларда тәрбиеші баланы ұрып, кейін оны сүйреп әкеп орындыққа отырғызғаны көрсетілген. 

Бұл видеоға қатысты қалалық білім бөлімінің өкілдері пікір білдірді. 

- Бұл оқиға шынымен болған. Бүгінгі таңда тәрбиеші жұмыстан босатылды. Әрі қарай іс заң аясында қаралады, - деді ведомстводағылар. 

Бұл оқиғаға қатысты Қостанай полиция департаменті де түсінік берді. 

- Факті тіркелді, тәрбиешіні әкімшілік жауапкершілікке тартуға материал жиналды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Материалды әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сот қарайды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

 

Оқи отырыңыз: Семейде жасөспірім көпірден секірмек болды

Новости партнеров