Мемлекет басшысы Үкіметке Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіруді тапсырды

kazakh24.info
kazakh24.info
Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Президент Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр. 

Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Тұрғындарға тиісті көмек беріледі. Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтардың тұрмыс тіршілігіне қиындық тудыруға және олардың құқын аяқасты етуге жол беруге болмайды.

Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді", - деп жазды Руслан Желдібай.

Осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын жазған едік.

Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Новости партнеров