Тараздағы көпқабатты үйдің жарылысына куә болғандар оқиғаны толығырақ айтып берді, деп жазды tengrinews.kz.
Олардың айтуынша, зардап шеккендерді жарылыстан аман қалған көршілері мен сол жерден өтіп бара жатқан адамдар алып шыққан.
«Біз көрші подъезде тұрамыз, жарылыстың қатты даусынан оянып кеттік. Жер сілкінісі екен деп ойладық. Жарықты қосып, қарасақ, барлық терезе, есіктер сынған, кіретін есік мүлде жабылмай тұр», - деп еске алды Ольга Ляхова.
«Жарылыс қатты болды, соның салдарынан бәріміз оянып кеттік. Бір ата көмек сұрап жатқанын естідім. Біз үшеу едік, жүгіріп бардық. Адамдардың бетон астында қалып қойғанын көрдік. Бетонды көтеріп, бір әйелді алып шықты, кейін бір ер адамды көтеріп шығарды, ол қайтыс болған екен», - дейді Аңсар Дәулетов.
«Бәрі таңғы 7:20 шамасында болды. Қатты жарылыс естідік. Терезе ұшып кетті. Айғай, у-шу болды. Әйелім мен баламды жатын бөлмеге апарып тастадым. Өзім далаға жүгіріп шықтым. Мұнда күзет көлігі тұр екен. Қызметкері жарады, бірден көмектесе кетті. Бір ер адам балконнан айғайлап жатты. Бәрінде үрей болды», - дейді Илья Василенко.