Көкшетаудағы қатты дауылдан екінші адам қайтыс болды

inform.kz
inform.kz
Бұған дейін Бурабай ауданында 40 жастағы күзетші қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам көз жұмды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қала әкімі Амангелді Смайылов айтты.

"1996 жылы туған ер адам бір-екі сағат бұрын қайтыс болды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деді ол.

Қала тұрғынының үстіне Әуелбеков көшесіндегі ғимараттың шатыры құлаған болатын. Ол бірден көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді. Нейрохирургтер шұғыл ота жасады. Пациент ауыр бассүйек-ми жарақатын алған. Жағдайы өте ауыр екені айтылған болатын.

Медициналық мекемедегілер, ер адамның сағат 12.30-да қайтыс болғанын айтты.

Еске сала кетсек, бұл күшті дауыл салдарынан көз жұмған екінші адам. Бұған дейін Бурабай ауданындағы Үрімқай ауылында 40 жастағы күзетші қайтыс болды.

Дәрігер көмегіне барлығы отызға жуық адам жүгінген.

Новости партнеров