Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Әншінің гидке қол жұмсағаны жайлы хабар тараған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

“Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған. Құқық бұзушылық ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады", - деп жазды полиция департаменті баспасөз хатшысы.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департамент басшылығының бақылауына алынды.

Еске сала кетейік, әншінің гидке қол жұмсағаны жайлы хабар тараған болатын.

Новости партнеров