|
14.06.2019 | 19:55
4070

Құдықтағы улы газға тұншығып өлген 4 жұмысшының бастықтары 7 жылға сотталуы мүмкін

Жұмысшылар бірін-бірі құтқарамын деп естерінен танып қалған

Құдықтағы улы газға тұншығып өлген 4 жұмысшының бастықтары 7 жылға сотталуы мүмкін tengrinews.kz

Төрт кісінің өліміне әкеп соқтырған оқыс оқиғаға қатысты «Астана су арнасының» басшылары тұтқындалды. Мекеменің екі жетекшісі уақытша ұстау изоляторына қамауда жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы жағдай осы жылдың 23 мамырында орын алған болатын. Дәл осы күні «Астана су арнасының» қызметкерлері сорғы стансасының резервуарын бөлшектеп жатып, құдық ішіндені улы газдарға тұншыққан. Дәлірек айтсақ, олар бірін-бірі құтқарамын деп естерінен танып қалған. Өкінішке қарай, ақхалаттылар олардың өмірін құтқарып қала алмады. Елордалық полиция қызметкерлері бірден 4 адамның өліміне әкеп соққан ҚР Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына қатысты тергеу амалдарын жүргізді. Нәтижесінде компанияның бірнеше өкілі күдікті деп танылып отыр.

«Тұтқындалған екі азаматтың бірі – «Астана су арнасының» қауіпті жұмыстарды жүргізу бойынша қауіпсіздікке жауап беретін бас механигі болса, екіншісі – аталған кәсіпорынның Алматы ауданы бойынша жетекшісі. Екеуі де – қаза болған қызметкерлердің басшылары. Бас механик оқиға орнында болып, жұмыстарды ұйымдастырған. Ал екінші жетекші, яғни аудандық бөлімшенің басшысы аталған шараларды жүргізуге тапсырма берген. Алайда ол жұмысшыларды қауіпсіздік шараларын сақтаудың дұрыс нұсқаулығымен таныстырмаған. Сол үшін қос басшы да ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабы, 4-бөлімі бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басшысының  орынбасары Ғазиз НҰРҚАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир