Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Полиция «Адам өлтіру» және «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында имам өзінің көршісін өлтірді. Ер адамның денесі қорада табылды, деп хабарлайды КТК.

«Жамбыл облысының тұрғыны өзінің көршісін пышақтап өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деді Жамбыл ауданы полиция бөлімі тергеу жөніндегі басшысының орынбасары Дәулетжан Бектембаев.

Қылмыс жасаған соң имам өз-өзіне қол салған. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру»)  және 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалған. 15 және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.

Полиция қылмыстың себебін нақтылаған жоқ. Имам көршісімен сөзге келіп, жүрегіне пышақ сұққан. Содан соң қарсыласының өлгенін көріп, өз-өзіне қол салған.

Екі ер адам да 51 жаста, бір сыныпта оқыған.

Ауыл тұрғындары имамды тек жақсы қырынан танитынын, алайда оның қызуқанды болғанын айтқан.

Новости партнеров