Маңғыстау облысы әкімдігі қаза тапқан әскерилердің отбасына 1 млн теңгеден бермек
pixabay.com
Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барды.
Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 миллион теңгеден көмек беретін болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
27 наурызда Ақтаудан ұшып шыққан Ми-8 әуе көлігі Қызылорда аумағында жерге құлап, түгел жанып кеткен болатын. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері.
28 наурызда облыс әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барып, көңіл айтып, қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13