Жол апатынан жүк көлігі мен автобус жолаушылары зардап шекті, екеуі де ауруханаға жатқызылды
Алматының Шаңырақ шағынауданында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық автобус бұрылу үшін бөгеліп қалған автокөлікті айналып өтпек болғанда, қарсы бетке шығып кетіп, «ГАЗельге» соғылған. Жүк көлігіне газ баллондары тиелген екен.
Жол-көлік оқиғасы түнде Жанқожа батыр мен Сырым батыр көшелерінің қиылысында болды.
Жүк көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы (бірі – «ГАЗельде», екіншісі автобуста отырған) жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Жол апатынан кейін газ шыққандықтан, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылды. Абырой болғанда, жарылыс болған жоқ.
Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.