Батыс Қазақстан облысында әйелді пойыз басып кетті

© Photo : КТЖ
© Photo : КТЖ
Қайғылы оқиға «Қазақстан» стансасына жақын жерде 1 406 шақырымда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында жүк пойызы 26 жастағы әйелді басып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға «Қазақстан» стансасының №5 пикетіндегі 1 406 шақырымда болған. Қайғылы оқиғаның қандай жағдайда болғаны белгісіз. Қазіргі кезде тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Ал көліктегі Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Пойыздар қозғалысы бұзылған жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – дейді мамандар.


Новости партнеров