Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үй ауласында болған төбелестің соңы пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Белгісіз біреулер Павлодар қаласындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында спирттік ішімдік ішіп, түн тыныштығын бұзған. Үй тұрғынының бірі және оның досы шулы отырыс ұйымдастырғандарға ескерту жасаған. Алайда олар ескертуге құлақ асудың орнына ерегесуге көшкен. Ерегес екі жақтың төбелесіне ұласты. Төбелес кезінде екі адам пышақ жарақатын алып, аураханаға түсті», – делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бабы 2-бөлімі (Екі және одан да көп адамның денсаулығына қасақана нұқсан келтіру) бойынша іс қозғалды.