«Қорғас» Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар кеденшілермен бірге жүздеген килограмм иесіз қалған заттар мен мемлекеттік шекерадан заңсыз контрабандалық дәрі-дәрмек алып өтпек болған күдіктінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
«11 наурыз күні таңертеңгі сағат 9.30-дар шамасында Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан шекарашылар кеденшілермен бірге 4 центнерге жуық иесіз жүк – Қытайда шығарылған халық тұтынатын тауарлар тауып алды. Ал кешке сағат 19.20-да Орталық аумағынан қайтып, шекаралық және кедендік тексеруден өтіп болған 29 жастағы Қазақстан азаматынан заңсыз жүк – 146 кг қытайлық дәрі-дәрмек тауып алған», - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тәркіленген заттар «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылған.