Алматыдағы Қабдолов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«14 қыркүйек сағат 23.00-ден 16 қыркүйек сағат 11.00-ге дейін Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. Бұл жерді Жұмабаев және Төле би көшелерімен айналып өтуге болады», - делінген хабарламада.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда Қапшағай көпіріндегі кіреберістер уақытша жабылады