Болгарияда автобус өртеніп, 45 адам қаза тапты
ru.oxu.az
Оның ішінде 12-сі бала
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Болгарияда автобус апатқа ұшырап 45 адам, оның ішінде 12 бала қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 03.00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 07.00) София-Благоевград тасжолының 31-ші шақырымында болды. Жол апаты салдарынан 52 адам отырған автобус өртеніп кеткен.
Қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі де бар. Жеті адам, оның ішінде екі әйел мен бес ер адам аман қалды.
Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің бастығының айтуынша, өрт келеңсіз соқиға салдарынан болған. Аман қалғандардың бәрі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Еске салайық, тамыз айында Нигерияда автобустың соқтығысуы салдарынан 20-дан астам адам қаза тапқан болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37