|
23.11.2021 | 12:25
4164

Бүгіннен бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болады

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады

Бүгіннен бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болады ehonews.kz

Бүгіннен бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болады. Бұл туралы "Қазавтожол" ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан-Павлодар, Қапшағай - Талдықорған, Тараз - Қайнар, Шымкент - Тараз, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Ташкент, Щучинск - Көкшетау 4 жолақты қозғалысы бар Республикалық маңызы бар бірінші санатты автожолдардың 7 учаскесінде ақылы жүйе сынақтан өткізілді.

"Жоғарыда көрсетілген учаскелерді ақылы ету туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және 2021 жылғы 23 қарашада күшіне енеді, тиісінше, осы күннен бастап жол жүру ақысы алынатын болады. Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясы.

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының орналасқан жері:

  1. «Қапшағай – Талдықорған», 252+150 шақырымда сол жағынан (Талдықорған қаласынан шығаберісте), Талдықорған қаласының аумағында Қапшағай бағытында орналасқан.
  2. «Тараз – Қайнар», 453+300 шақырымда оң жағынан (Ақшолақ а.), Тараз қаласынан шығаберісте Қайнар ауылына барар бағытта, Тараз қаласынан 37 шақырым жерде орналасқан.
  3. «Шымкент – Қызылорда», 2127+000 шақырымда оң жағынан (Иқан а.), Түркістан қаласынан Шымкент шаһарына шығаберісте, Түркістан қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.
  4. «Шымкент – Тараз», 648+500 шақырымда оң жағынан (Машат а.), Шымкент қаласынан Тараз шаһарына барар бағытта, Шымкент қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан.
  5. «Шымкент – Өзбекстан шекарасы, 792+000 шақырымда оң жағынан, Атамекен ауылынан Шымкент қаласына барар бағытта, Шымкент қаласынан 86 шақырым жерде орналасқан.
  6. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», 20+400 шақырымда сол жағынан (Қоянды а.), Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар шаһарына барар бағытта, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан.
  7. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», 1239+500 шақырымда оң жағынан (Бәйет а.), Павлодар қаласына барар бағытта, Нұр-Сұлтан шаһарынан 239 шақырым және Екібастұз қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан.
Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир