|
12.06.2019 | 19:22
4087

Шымкенттегі газ жарылысынан 98 пайыз күйік шалған жігіт жан тапсырды

7 маусым күні қаладағы «Мұраз» көгілдір отын бекетінен өрт шығып, 7 және 50 текшеметрлік автоцистерналар атылған еді


Шымкенттегі газ стансасында болған жарылыстан кейін бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан 20 жастағы Ерлан Анар ақыры жан тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 7 маусым күні қаладағы «Мұраз» атты көгілдір отын сақталатын орында өрт шығып, 7 және 50 текшеметрлік автоцистерналар атылған еді. Оқиға салдарынан сол күні жұмыста болған 20 жастағы Ерлан Анар қатты зардап шекті, атап айтқанда, денесінің 98 пайызын күйік шалған болатын.  

Жедел жәрдеммен дереу Шымкенттегі Тұрмахан Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығына жеткізілген жігітке бес күні бойы жансақтау бөлімінің дәрігерлері табандарынан тік тұрып қызмет етті. Алайда, ақ халаттылар оны ажал құшағынан арашалап қала алмады. Ауыр жағдайдан есін жия алмаған Ерлан Арын солайша кеше мәңгілік сапарға аттанды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир