Шымкентте әскери мектептің оқытушысы курсантты ұрып-соғып, жағын сындырған

Шымкентте әскери мектептің оқытушысы курсантты ұрып-соғып, жағын сындырған
Полиция тергеу амалдарына кірісіп кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте Бауыржан Момышұлы атындағы ІІМ мектебінің оқытушысы курсантты ұрып тастаған. Қатты соққы салдарынан курсанттың жағы сынып, көкірек қуысы зақымданған, деп жазды 31.kz.

«Таңертең ауруханада тексердік. Төменгі жағы сынған, көкірек қуысының жұмсақ тіндері зақымдалған. Шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды», – дейді аурухананың жақ сүйек-бет бөлімінің хирургі Арман Жұмаев.

ІІМ мектебіндегілер бірнеше күн бұрын болған бұл жайтты растағанымен, мән-жайын айтпады. Белгілісі, төбелескен қатысқандар – қатарластар.

Полиция тергеу амалдарына кірісіп кетті.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізімдемесіне енгізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сот процесіне дейін мән-жайды хабарлаймыз»,  дейді ІІМ оқу орталығының басшысы Талғат Меңдібаев.

Новости партнеров