Қызылордада тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Құтқарушылар отты қолдану кезінде абайсыздық таныту өртке себеп болған деген болжам жасап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда қаласында өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қызылорда қаласының Бейімбет Майлин көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 қараша күні шамамен сағат 17:43-те үйдің едені өртенген. Соның салдарынан екі адам иіс тиіп қайтыс болған. Бұл жерге өрт сөндіру қызметінің мамандары да шақырылмапты.

"Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екінші адам оған қонаққа келген 1990 жылғы тұрғын. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің мамандары шақырылған жоқ. Алдын ала жасалған болжам бойынша негізгі себеп – отты абайсызда қолдану", – деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер техникамен барды.

Новости партнеров