Қарағандыда жолаушылар автобусы мен үш жеңіл көлік соқтығысты
inform.kz
Зардап шеккен 3 адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағандыда екі жол талғамайтын көліктер өзара соқтығысып, салдарынан автобус пен тағы бір көлікті қағып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25 ақпанда Қарағанды қаласының Көгілдір тоған шағынауданында 39 жастағы «Toyota Highlander» автокөлігінің жүргізушісі «Mitsubishi Pajero» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Алдын ала болжам бойынша, бірінші көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Салдарынан 4 көлік соқтығысқан, оның ішінде бір автобус бар. Зардап шеккен 3 адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.
Полиция жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
13.09.2026 09:08
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15
Онлайн-ойындар бала мінезіне қалай әсер етуі мүмкін
13.09.2026 10:57