Шымкентте емшіге барып көз жұмған жасөспірім өліміне қатысты іс тергеліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте тәртіп сақшылары 13 жастағы жасөспірім өлімінің себебін анықтауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 12 тамызда 13 жастағы жасөспірім өлімінің себебін анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізуде. Аталған жайт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген департамент таратқан хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін БАҚ-та Шымкентте емшіге барған 13 жастағы бала көз жұмды деп хабарланған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
30.10.2026 18:15
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
30.10.2026 08:10
Адам жанына жайлы қала: Алматы қалай көркейіп келеді
29.10.2026 18:30
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31