Алматыда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабтан мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Түрксіб ауданында антитеррорлық операция режимі енгізілді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб 2022 жылдың 26 қаңтарында сағат 00.00-ден 27 қаңтар сағат 00.00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі енгізілгенін хабарлайды»,  делінген хабарламада.

Еске салсақ, терроризмге қарсы іс-шаралар барысында 2022 жылдың 4-6 қаңтары аралығында Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға қарақшылық шабуыл жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен мүшелері ұсталды.

Тұтқындау кезінде күдіктілерден қару-жарақ («ПМ», «ТТ» маркалы тапаншалар, кесілген шолақ мылтық, оларға арналған патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді.

«Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауларыңызды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз»,  деп атап өтті Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабынан.

Новости партнеров