Шымкентте тергеу изоляторында отырған 29 жастағы күдікті қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
29 жастағы ер адамға ҚР ҚК 262, 287, 307 және 194-баптарында көзделген бірқатар қылмыс жасады деген айып тағылған болатын. 14 қарашада ол науқастанғандықтан «Т. Орынбаев» атындағы гипербариялық оксигенация орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ал 22 қарашада сағат 20:35-те жүргізілген ем нәтижесіне қарамастан қайтыс болды. Басты себеп – жедел жүрек-қан тамыр және тыныс жетіспеушілігі мен мидың ісінуі.
«Барлық қажетті сараптама тағайындалды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД тарапынан ұсынылған ақпаратта.