|
15.02.2024 | 12:31
2072

Теміртауда газ жарылды: бір адам қаза тапты

Оқиға орнына 177 адам және 38 бірлік техника жұмылдырылды

Теміртауда газ жарылды: бір адам қаза тапты Фото: пресс-служба МЧС

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында газ құбыры жарылып, екі қабатты дүкен қирап қалды. Ал үйінді астында қалуы мүмкін деген ер адам әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға бүгін таңғы сағат сегіз шамасында болған. Апаттан 40 шаршы метр аумақ отқа оранды. Қазір жарылыс орнында 178 адам мен 38 техника жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін үйінді астынан бір әйел адамның денесі табылған еді, жедел жәрдем бригадасы сол мезетте өлім фактісін тіркеді. Тағы бір адам ауруханада жатыр.

– 15 ақпанда сағат 08:06 шамасы Теміртау қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы жедел қызметіне газ жарылғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Үйінді астын тексеру басталды. Қазір ауруханаға жеткізілген әйел адамның жағдайы өте ауыр. Дүкен иесінің айтуынша, тағы бір адам үйінді астында қалуы мүмкін. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, – деді Теміртау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нұрмұхаммед Интуев.  


Оқи отырыңыз:  Ақтаудағы дөңгелек жөндеу орталығында өрт шығып, екі азамат зардап шекті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир