Ақтаудағы дөңгелек жөндеу орталығында өрт шығып, екі азамат зардап шекті

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар Өзбекстан азаматтары екені анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтаудағы дөңгелек жөндеу орталықтарының бірінде шиналар өртеніп, екі азамат зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілгендердің 24 және 33 жастағы өзбекстандық азаматтар екені анықталды. Олардың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Дәрігерлердің ақпарына сүйенсек, бірінің денесін 70, ал екіншісінің 60 пайызын күйік шалған. Азаматтардың тыныс алу мүшелері де зақымданған.

– Екі науқас та жансақтау бөлімінде жатыр. Аппарат арқылы демалуда. Жағдайы өте ауыр. Емделіп жатыр, – деді облыстық аурухананың комбустиолог-дәрігері Самалбек Жұмағұлов.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кеше сағат 21:40-та шиномонтаж шеберханасында болған. Құтқарушылар 42 шаршы метр аумақта автомобиль дөңгелектері өртенген деп хабар таратты. Оқиға орнына жеке құрамның 12 адамы және үш техника жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.  

Оқи отырыңыз: СҚО-да мемлекеттік бағдарламамен салынған баспана сапасы сын көтермейді

Новости партнеров